+7 (701) 759 90 19
USD 408.61 EUR 454.09
RUB 5.86 CNY 57.28
Jańalyqtar

Маңғыстаудағы қан орталығында қан тапшылығы сезілуі мүмкін

2020 жылғы 25 наурыз 15:21
Бөлісіңіз:
Маңғыстаудағы қан орталығында қан тапшылығы сезілуі мүмкін

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Елімізде төтенше жағдай жарияланғалы Маңғыстау облыстық қан орталығына келуші ерікті донорлар саны күрт азайған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұрын бір күнде 20-25 донор келіп қан тапсырса, қазіргі уақытта келушілер саны 4-5 адамнан аспайды.

Маңғыстау облысы қан орталығының директоры Рафаэль Сарсамалиевтың айтуынша, қанға деген және оның компоненттеріне сұраныс төмендеген жоқ, алайда осылай жалғаса беретін болса, медициналық мекеме сұраныс берушілердің өтінішін орындай алмауы ғажап емес. Бұл жағдай тек Маңғыстау өңірінде ғана емес, жалпы республика бойынша сезіле бастаған.

«Сол себепті біз барлық ерікті донорларды қан тапсыруға шақырамыз. Біздің орталықтың есігі ашық, ал мамандарымыз болса бетперде киіп жүреді. Яғни, қандай да бір ауруды жұқтыру қаупі жоқ деп сендіре аламыз. Оның үстіне бұрынғыдай халық көп келуді азайтты. Ал қан тапсыруға ниет білдіргендер болса, олармен алдын-ала сөйлесеміз, егер де жақын арада алыс немесе жақын шет елдерде болғандары болса, олардан мүлдем қан алынбайды», - дейді ол.

Жалпы өңірде қан және оның компоненттерімен 14 медициналық ұйым қамтамасыз етіледі. Оның ішіндегі ең ірі мекемелер қатарында облыстық аурухана, көпбейінді балалар ауруханасы, онкологиялық диспансер, облыстық және қалалық перинаталдық орталықтар, сонымен қатар қалалық және аудандық ауруханалар бар.

Рафаэль Сарсамалиев қан құю ең алдымен жол-көлік оқиғасынан, өндірістік нысандарда жарақат алғандар, ауруханада түрлі күрделі ота жасағанда, сонымен қатар перинаталдық орталықта босанған әйелдерге қажет екендігін айтады. Әсіресе онкологиялық ауруға тап болған жандарға, оның ішінде лейкоз және гемофилияға шалдыққандардың өмірін ұзартуға ауадай қажет. Мәселен, химиотерапиядан соң науқасқа тромбоцит, эритроцит және белок қорын толықтыру үшін қан керек.

«Әрине, жағдай қатты қиын деуден аулақпын, қан қоры әзірге жетеді, алайда қол қусырып қарап отыруға тағы болмайды. Сол себепті алдын ала жұмыстана бергенді жөн санап отырмыз. Мәселен, күтпеген жерден техногендік жағдай орын алса барлық мекемелерді қанмен қамтамасыз ете алмауымыз мүмкін. Ал енді донорлық адам денсаулығына зиян ба, әлде пайдалы ма деген сұраққа келетін болсақ, қан тапсыру адамның ағзасына өте пайдалы екенін тағы бір еске сала кеткен дұрыс деп есептеймін. Сол себепті үрей болмасын, керісінше адам бойындағы қан айналымы жақсарады және денсаулыққа ешқандай зияны жоқ деп сендіргім келеді», - деп түсіндіреді Рафаль Сарсамалиев.

Айта кету керек, қан орталығы көбіне ерікті донорларды тартады. Кей өңірлерде ақылы түрде донорлыққа тарту мүлде жоқ. Мемлекет өз тарапынан қан, тромбацит және плазмаға тиісті мөлшерде қаржы бөлу мәселесін қарастырған. Жалпы осы мәселеге қатысты кез келген сұрақ бойынша облыстық қан орталығына хабарласуға болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ләйлім Әлім

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT