Маңғыстаудағы ғибадат үйлерде ұжымдық шаралар өткізуге болмайды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстаудағы ғибадат үйлерде ұжымдық шаралар өткізуге болмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Дін істері басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

9 сәуірден бастап Маңғыстау облысы «сары аймаққа» кіруіне байланысты облыстың бас санитария дәрігері 13 сәуірде №7 қаулыны қабылдады .

Қаулының 2-тармағы 13-тармақшасына сәйкес ұжымдық іс-шараларды өткізбей діни объектілердің қызметіне рұқсат берілген. Осыған орай, аймақтағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, діни бірлестіктердің ғибадат үйлерінде (мешіт, шіркеу) тек қана жекеленген құлшылық жасауға рұқсат етіледі және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №67-қаулысының 20-қосымшасына сәйкес діни объектілердегі санитарлық-дезинфекциялық режимге қойылатын талаптарды қатаң сақтау керек.

Қаулы 17 сәуірде 00.00 сағаттан бастап күшіне енеді.


Соңғы жаңалықтар