Маңғыстаудағы «Бейнеу-Ақжігіт» автожолы биыл пайдалануға беріледі

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысындағы «Бейнеу-Ақжігіт» автожолы 2019 жылы пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, ұзындығы 85 шақырым «Бейнеу-Ақжігіт» автожолын қайта жаңарту жобасы аясында тас жолды техникалық II санаттағы нормативтерге дейін жеткізе отырып, екі жолақты жолға кеңейту көзделген.

«2018 жылдың қорытындысы бойынша бұл учаскенің 60 шақырымында қозғалыс ашылды. Қалған 25 шақырымда құрылысшылар 18 су өткізгіш құбырды орнату, жылыту пунктін қайта жаңарту, сондай-ақ 2 демалыс алаңын орнату жұмыстарын жүргізеді», делінген хабарламада.

Бүгінде жөндеу жұмыстарына 80 техника мен 163 жұмысшы жұмылдырылған. Жобаның бас мердігері - «ТЖЖ-Автодорстрой» ЖШС. Мамандардың жоспары бойынша қайта жаңғыртудан кейін «Бейнеу-Ақжігіт» автожолдың өткізу қабілеті 7 есеге жуық артып, тәулігіне 7 мыңға жуық көлікті құрайды.

Сондай-ақ, «Бейнеу-Ақжігіт» автожолы «Құрық» порты арқылы көлік транзитін ұлғайтуға ықпал етеді және Транскаспий дәлізінің Өзбекстан және Орталық Азияның басқа да елдерімен жаңа қатынасын қамтамасыз етеді.

Айта кетерлігі, «Бейнеу-Ақжігіт» автожолы бойындағы жөндеу жұмыстарын 2019 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

null

Соңғы жаңалықтар