+7 (701) 759 90 19
USD 377.19 EUR 408.99
RUB 5.93 CNY 54.02
Jańalyqtar

Маңғыстауда жыршылар байқауының жеңімпазына 1 миллион теңге табысталды

2019 жылғы 28 қараша 12:54
Бөлісіңіз:
Маңғыстауда жыршылар байқауының жеңімпазына 1 миллион теңге табысталды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Мұрын жыраудың 160 жылдығына арналған «Мұхиттан қалмыш теңіз - жыр» республикалық жыршылар байқауында маңғыстаулық Оспан Құлсымақ топ жарды, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада өңірлерден келген 400 әскери қызметші өнер көрсетті Елімізде денсаулығына мұқият қарайтын пациенттер байқауы жалғасуда Елімізде денсаулығына мұқият қарайтын пациенттер байқауы өтті

Форт-Шевченко қаласында екі күннен бері өтіп жатқан байқаудың марапаттау рәсімі өтті. Қазылар алқасының ортақ шешімімен бас жүлдеге тігілген 1 млн теңге маңғыстаулық Оспан Құлсымаққа табысталды. Сондай-ақ, ол Мұрын жыраудың домбырасын ұтып алды.

Ал 1-орын 700 мың теңге Батыс Қазақстаннан келген Фархат Оразовқа бұйырды. 2-орынды 500 мың теңгеден алматылық жыршы Айдос Тұрар мен қызылордалық Хасенхан Кішкенеева иеленді.

Маңғыстаулық Манаш Әділбаев, қызылордалық Түрікпен Күнсұлу, нұр-сұлтандық Бектасов Абылайхан және маңғыстаулық Бердібай Тойғұлиевтар 3-орында. Қалған талапкер жыршыларға алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табысталды.

Айта кетейік, жыршының құрметіне орай ұйымдастырылған байқаудың мақсаты - «Қырымның қырық батыры» сынды мұраны және осы заманға жеткізуші Мұрын жыраудың есімін жас орындаушылар арасында кеңінен насихаттау, рухани мұраны жаңғырту.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ләйлім Әлім

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT