Маңғыстауда жылжымалы егу пунктері ашылды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтау қаласында 34 шағын ауданда орналасқан «Достық» үйінде №2 Ақтау қалалық емхананың жылжымалы егу пункті ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жалпы Маңғыстау облысында 47 жылжымалы егке егу пунктін ашу жоспарланған.

№2 Ақтау қалалық емханасының эпидемиолог дәрігері Ардақ Ибрашева айтуынша, 34 шағынаудандағы «Достық» үйінде ашылған егу кабинеті күн сайын сағат 8-30 дан кешкі 18-00 ге дейін жұмыс істейді. 12-30: 14-00 аралығында түскі үзіліс.

«№2 Ақтау қалалық емханасы «Достық үйінің» ғимаратында егу кабинетін жабдықтап ашты. Бүгін біз бірінші компоненттен 100 доза вакцина алып келдік. Екпе алу алдында дәрігер толықтай тексеру жасайды. Медициналық қарсы көрсетулер болмаған жағдайда ерікті түрде екпе алуға келген адамға вакцина егіледі. Екпе тегін түрде салынады. Қазіргі таңда салынып жатқан вакцина Ресейден әкелінген СПУТНИК-V. Осы жерге кез-келген адам келіп екпе алуына болады»,- деп атап өтті Ардақ Ерболқызы.

Аталған егу пунктіне екпе алу үшін келген Ақтау қаласының тұрғыны вакцинаны өз денсаулығын сақтау мақсатында ерікті түрде салдыруға келгенін айтты.

«Өзінің және отбасы мүшелерінің денсаулығы үшін кез-келген адам екпе салдыру арқылы індеттен қорғана алатынын ескертіп, қала тұрғындарын жұқпалы вирустан қорғану жолдарын саналы түрде дұрыс таңдау керек деп ойлаймын»,- деді қала тұрғыны .

17 шағынауданда орналасқан «Ясин» медицина орталығындағы егу пунктінде екпе салдыруға келген халықтың қарасы қалың.

«Біз қала тұрғындарына екпе салуды кешегі күннен бастадық. Тұрғылықты жеріне қарамастан екпе салдыруға келген кез-келген адамға дәрігердің арнайы тексерісінен және сауалнамадан өтіп,қарсы көрсетулері болмаған жағдайда вакцина салынуда. Вакцина пункті таңертеңгі 8-00 ден кешкі 18-00 ге дейін ашық, түскі үзіліссіз және сенбі, жексенбі күндері 9-00 ден 15-00 ге дейін жұмыс істейді. Ашылғалы 45 адам егілді. Біздің емдеу орталығына 200 доза вакцина бөлінді. Қала тұрғындары белсенді түрде екпе алуда және өзіміздің қызметкерлер вакцина қабылдап жатыр»,- деді «Ясин» медицина орталығының профилактика бөлімшесінің меңгерушісі Татьяна Хайитова.

«Ясин»медициналық орталығы алдағы күндері халық көп шоғырланатын 16 шағынаудандағы «Ақтау» ОСО және 19а шағынауданда орналасқан Ә.Кекілбаев атындағы облыстық өлкетану мұражайы ғимаратында егу пункттерін ұйымдастырып және «КазАзот» мекемесіне барып, өндірістегі қызметкерлердің ерікті түрде екпе алуға ниет білдіргендеріне екпе салуды жоспарлап отыр.


Соңғы жаңалықтар