Маңғыстауда жыл соңына дейін 33 спорт нысаны салынады

Фото: None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысында жыл соңына дейін жаңа 33 спорт нысаны салынып, пайдалануға беріледі. Бұл туралы Маңғыстау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Маңғыстау облысында 824 спорт нысаны бар. 300 мыңға жуық тұрғын спортпен шұғылданады. Биыл жыл соңына дейін тағы да 33 спорттық нысан салынып, пайдалануға беріледі», - дейді Қанат Жұмабаев.

33 спорт нысанының 20-сы Ақтау қаласында салынады. Ал қалғаны аудандар мен қалаларда бой көтермек.

Ақтау қаласы бойынша барлық шағын аудандар спорт алаңымен қамтылған. Соның ішінде жаңадан салынған тұрғын үйлер аумағында футбол алаңдары бар. 2021 жылы жаңа 18 спорт алаңы қолданысқа берілген еді.




Соңғы жаңалықтар