Валюта бағамдары:
    usd/kzt 477.98 eur/kzt 488.93

    rub/kzt 7.93 cny/kzt 70.82
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Маңғыстауда жыл соңына дейін 1600 адам мұнай-газ саласына жұмысқа орналастырылмақ

2022 жылғы 30 маусым 12:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысында жыл соңына дейін 1600-ден астам адамды мұнай-газ саласына жұмысқа алу жоспарланған. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде осындай дерек келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жетібай, Жаңаөзен сияқты елді мекендердің халқы жұмыссыздық мәселесі бойынша, әр түрлі себептермен митингілерде тұр. Жалпы, Маңыстау облысындағы жұмыссыздық мәселесін қалай шешуге болады деп ойлайсыз», - деп сұрады БАҚ өкілі.

Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, Маңғыстау облысында дәстүрлі тау-кен, мұнай-газ, ауыл шаруашылығы, туризм, көлік-логистика саласында жұмыс орындарын ашу мүмкіндігі бар.

«Соның ішінде мұнай-газ саласындағы босаған жұмыс орындарына 882 жаңа жұмысшы қабылданды. Жылдың аяғына дейін 1600-ден астам жұмысшы алуды жоспарлап отырмыз. Бірақ бүкіл жұмыссыздарды мұнай-газ саласына кіргізу мүмкін емес. Біз қабылда деп отырған азаматтардың көбінің тиісті білімі немесе біліктілігі жоқ. Соны ескеріп, мекемелер өздеріне қажетті мамандарды дайындау курстарын ұйымдастырып жатыр», - деді әкім.

Айтуынша, Жаңаөзен қаласында жұмысыздықпен күрестің жеке алгоритмі бар.

«Сол алгоритм бойынша жұмыс жүріп жатыр. Ол жұмыстардың ашықтығын, әділдігін тазалығын қамтамасыз ету үшін оны цирфлық форматқа көшіру қолға алынған, жалғасып жатыр. Сәйкесінше жоғарыда аталған салалардың дамуы жаңа жұмыс орындарының ашылуына үлкен септігін тигізеді деп отырмыз.

Мысалы жылы жағажайда ашылған жұмыс орындарында 800-ден астам маңғыстаулық жұмыс істеп жатыр. Бұл тәжірибе алу жөніндегі, жаңа біліктілік алу жөніндегі мәселелерді шешуге ықпал етеді», - деді Нұрлан Ноғаев.

Еске салсақ, кеше ҚР Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың атына Маңғыстау облысындағы еңбек даулары туралы сауал жолдаған еді.


Автор:

Есімжан Нақтыбай

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар