Маңғыстауда жұмысшыны бетон тіреуіш басып қалды

None
АҚТАУ.ҚазАқпарат - Маңғыстауда жұмысшыны бетон тіреуіш басып қалды. Қайғылы жағдай, теміржол өткелінде болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Көліктегі полиция қызметінің хабарлауынша, 14 қазанда Маңғыстау облысындағы «РЗД-14-РЗД-15» теміржол өткелінде, сым тарту жұмыстарын жүргізу кезінде жұмысшы қаза болды.

Қазіргі таңда аталған факті бойынша ҚР ҚК 156 бабы бойынша (Еңбек қорғау ережесін бұзу) тергеу жүріп жатыр.

Өзге ақпараттар ҚР ҚПК 201 бабының талаптарына сәйкес, тергеу құпиясына байланысты жарияланбайды.


Сурет Lada.kz
Соңғы жаңалықтар