Маңғыстауда жұмысшылардың жалақысын төлемегендерге айыппұл салынды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Өңірде облыстық прокуратура 763 жұмысшы алдындағы 85 млн теңгеден астам жалақы қарызының төленуін қамтамасыз етті, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақтау қаласы прокуратурасының актісімен «АВТМ» ЖШС-нен 190 жұмысшының пайдасына 35 млн теңге өндірілді. Сондай-ақ, «Ынта» ЖШС-і 322 жұмысшылар алдындағы 21 млн теңге қарызын өтеді.Бейнеу және Маңғыстау аудандарында жалақысын ала алмай жүрген 251 жұмысшы 30 млн теңгесін алды», - облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, еңбекақыны уақтылы төлемегені үшін үш жұмыс беруші 600 мың теңгеден астам сомада айыппұл төледі.

Соңғы жаңалықтар