Маңғыстауда жұмысқа орналастырамын деп тұрғындардан 9 млн теңге алған әйел ұсталды

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат-Маңғыстаулықтар жеңілдетілген кредит алуға және жұмысқа орналасуға көмектесемін деп алдап кеткен әйелдің үстінен полицияға арызданды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жәбірленушілерге келген шығынның жалпы көлемі 9 272 000 теңгені құраған.

«Криминалдық полиция қызметкерлері шағымдарға қатысты 31 жастағы күдіктіні ұстады. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (алаяқтық) бойынша тіркелді» делінген баспасөз мәліметінде.

Маңғыстаулық полицейлер облыс тұрғындары мен қонақтарынан сенімсіз есепшоттарға ақша аудармаулары керектігін ескертеді. Сондай-ақ алаяқтық қылмыстың куәсі болса, жақын маңда орналасқан полиция бөлімшесіне немесе 102 пультіне хабарласуын сұрайды.


Соңғы жаңалықтар