Маңғыстауда жұқпалы аурулар ауруханасы облыстық ауруханамен біріктірілді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облыстық ауруханасына жұқпалы аурулар ауруханасы қосылды. Бұл туралы аталған мекеменің директоры Болатбек Қаюпов журналистермен өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұндай шешімге жұқпалы аурулар ауруханасының өтелмеген қарызы себеп болып отыр. Облыс әкімі сондықтан осындай қаулы қабылдаған. Өйткені қарызы бар медициналық мекеме шығынды өтей алмай отыр.

Аурухана директорының айтуынша, науқастарды емдеуге өте көп мөлшерде шығын жұмсалады.

«Қан қысымы, жүрек, қан тамырлары ауруымен ауыратын науқастарды емдеуге 50 мың теңге бөлінеді. Жалпы кеткен қаржы еш жерде көрсетілмейді. Сол себепті шығынды өтей алмай отырмыз», - деді Болатбек Қаюпов.

Қазір жұқпалы аурулар ауруханасында 60 төсек орынды балаларға арналған бөлімше бар. Ересектерге арналған осындай бөлімше қызмет етеді. Сондай-ақ, қызметкерлер қысқартылмаған.

«Бізге  толық  қағаз жүзіндегі заңнамалық құжаттары бәрі бекітілгеннен кейін біздің құрамымызға кіріп отыр. Ешқандайда жұмыстан шығарылған кадрлар болған жоқ. Толық штатпен бізге ауысып отыр», - дейді Маңғыстау облыстық аурухананың директорының орынбасары Мұхамеджан Нұрғазиев. 

Соңғы жаңалықтар