Маңғыстауда жүк көліктеріне рейд жүргізілуде

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтау-Шетпе-Жетібай тас жолында жүк көліктері тексерілді,-деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті және көліктік бақылау инспекциясының ұйымдастыруымен өткен рейдте 2 көлікке айыппұл салынды.

Жүк көліктерін тексеруге келген мамандар ауыр көліктерге тиелген жүктің салмағын өлшеп, белгілі шектен аспауын қадағалайды. Жетібай-Ақтау бағытында тоқтатылған Shacman F 2000 маркалы машина жүргізушісінің құжаттары толық емес, тауарға рұқсат қағазы жоқ болып шықты.

«Сонымен қатар, автокөліктің салмағы бекітілген мөлшерден асып кеткені анықталды. Атап айтқанда, көліктің салмағы рұқсат етілген 25 тоннаның орнына 32 тонна шықты. Сондай-ақ оның қосарланған білектерінен де 5-10 тонна артық салмақ шықты»,- Маңғыстау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының бөлім басшысы Талғат Есенгелді.

Аталған фактілер бойынша, ҚР Әкімшілік кодексімен 2 хаттама рәсімделді. Ауыр салмақ бойынша 571 бабының 6-бөлігімен, тауар құжатының болмауы бойынша 71-бабының 1-тармағымен толтырылып, жауапқа тартылмақ. Осылайша, машина айыптұраққа жабылды. Ал, Ақтау-Шетпе тас жолында тексерілген Howo маркалы көлікте тиелген жүк салмағы 36 тоннадан асты. Бұдан бөлек, жүргізуші ұсынған рұқсат қағазы заңда белгіленген үлгіге сай болмай шықты.

Соңғы жаңалықтар