Маңғыстауда жүк көлігі өртеніп кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Оқыс оқиға Маңғыстау облысының Шетпе кентінде болған. Бұл туралы lada.kz хабарлайды.

Полиция берген ақпаратқа сәйкес, өрттің тұтануына электр сымдарындағы қысқа тұйықталу себеп болған.

Жүк көлігінің жүргізушісі зардап шекпеген.

Машинаның кабинасы толықтай жанып кеткен, ал тіркемесіне зақым келмеген.

Алапат өрттің видеосы желіге тарады.


Оқиға орнында Маңғыстау облысы жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері жұмыс істеді.

Соңғы жаңалықтар