Маңғыстауда жолаушылар пойызы газ тасымалдайтын көлікпен соқтығысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында теміржол өткелінде жолаушылар пойызының жүк көлігімен соқтығысуы орын алып, салдарынан екі адам зардап шеккен.

«Бүгін сағат 16:46-да Маңғыстау облысының Сай-Өтес-Бейнеу учаскесінде №6 разъез ауданындағы күзетілмейтін өткелде газ тасымалдайтын көліктің Маңғыстау-Алматы бағытындағы № 377 жолаушылар пойызымен соқтығысуы орын алған. Машинистің айтуынша, көлік теміржол өткелінде тұрған, бірақ одан кейін оның жүргізушісі пойызға жақын жерде қозғалысын бастаған. Машинист шұғыл тежегішке басқанымен, қашықтықтың жақын болуынан көлікпен соқтығысуды болдырмау мүмкін болмады», - деп хабарлады «ҚТЖ» ҰК»АҚ-ның баспасөз қызметінен.

Соқтығысу салдарынан локомотивтің бірінші секциясы бүлінген. Көлік жүргізушісі мен машинистің көмекшісі зардап шекті. Өткелдегі дабыл құрылғылары қалыпты жұмыс істеген. Өрт орын алған жоқ, қаза тапқандар жоқ. Газ цистернасын тасымалдаған көлік "ҚарақұдықМұнайГаз" АҚ-ның иелігінде.

Аталған оқиғаны тергеу және соқтығысу салдарын жоюды ұйымдастыру үшін орынға Маңғыстау жол бөлімі кәсіпорындарының басшылары шықты.

Соңғы жаңалықтар