Маңғыстауда жол апатынан бір адам мерт болып, 6 адам зардап шекті

None
АҚТАУ.ҚазАқпарат – Маңғыстауда жол-көлік оқиғасы орын алып, бір адам қайтыс болды. Ал 6 адам задап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 4 желтоқсанда сағат 19:50 шамасында Ақтау-Құрық тас жолының 71/6 шақырымында орын алған.

«Mercedes-Benz C220» автокөлігінің жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, «Toyota Camry» автокөлігіне соғылған.

Салдарынан «Mercedes-Benz» автокөлігінің 28 жастағы жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды» делінген Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз мәліметінде.

Зардап шеккен 6 жолаушы Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілген.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне тіркеліп, ҚР Қылмыстық кодексінің 34 -бабының 3-тармағы бойынша іс қозғалды. Қазір жол апатына қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес әзірге жария етілмейді.


Соңғы жаңалықтар