Маңғыстауда жол апатынан бес адам зардап шекті

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында жеңіл және жүк көліктері соқтығысып, салдарынан 5 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Лада.кз сайтына сілтеме жасап.

«Жол апаты 2 ақпан күні сағат 14.10 шамасында Жетібайдан 20 шақырым жерде болды. Салдарынан жеңіл көлікте болған жолаушылар - үш әйел, сәби және ер адам зардап шекті. 1993 жылы туған жүкті әйелді дәрігерлер қарады. Өзіне немесе оның іштегі нәрестесіне қауіп тудыратын белгілер анықталмады. Жеті айлық баланың анасында «мойын омыртқасының сіңірі созылған». Көлік екінші қайтара аударылғанда ол қолындағы баласына ие бола алмай қалып, бүлдіршіннің бас терісі сыдырылған. Оның күйеуі амбулаторлық ем-дом қабылдайтын болады. Зардап шеккен әйел мен бала дәрігерлердің бақылауында», - деп хабарлады Жетібай ауылдық ауруханасының директоры Амантай Досжанов.

Оның ақпаратынша, көлікте болған тағы бір жолаушы - 1973 жылы туған әйел ауруханаға жатқызылды. Оған қойылып отырған диагноз: жабық бас сүйек-ми жарақаты, мидың шайқалуы, маңдай-шеке аймағының соғылған жарақаты, қол жарақаттары.

Жол апатына түскендердің айтуынша, жүк көлігі жеңіл машина келе жатқан жолаққа ауысып, апатты жасаған. Жеңіл машина аударылған. Екі жүргізуші де зардап шекпеген, ауруханаға жүгінген жоқ.

 

Соңғы жаңалықтар