Маңғыстауда жол апатынан 2 адам қаза болды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Екі адамның өмірін қиған Ақтау-Жаңаөзен тасжолындағы апат бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстау облыстық Ішкі істер департаментінен мәлім еткендей, 16 маусым күні Ақтау-Жаңаөзен трассасында «Toyota Land Cruiser» автокөлігі  мен «Camc Hn3250g6d» жүк көлігі соқтығысқан. Апат салдарынан 2 адам қаза болды.

«Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қарақия аудандық ІІБ-нің  сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде», - деді ІІД-ден.

Соңғы жаңалықтар