Маңғыстауда жоғары қысымды газ құбыры іске қосылды

None
Фото: gov.kz
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстауда жоғары қысымды газ құбыры іске қосылды. Ол Құрық ауылын «Сарша» жерімен, сондай-ақ Ақтау қаласының маңындағы «Жылы жағажай» курорттық аймағымен байланыстырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құбыр желісі курорттық аймақтағы өндірістік, курорттық нысандардарды да газдандыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жыл сайын өңірге сапарлап келген туристер санының артуына, су тапшылығы мәселесін шешуге, Ақтау қаласына газдың қосымша көлемін ұлғайтуға, ауыл шаруашылығының дамуына септігін тигізбек.


«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес газ құбыры іске қосылды. Бұл ретте газ құбырының іске қосылуы шағын және орта бизнестің, оның ішінде газды өз қажеттіліктері үшін пайдаланатын өнеркәсіптік, коммуналдық-тұрмыстық сектордың өсуін ынталандырады. Сонымен қатар, жобаны іске асыру жаңа жұмыс орындарын ашады. Бұл өңірдегі жұмыссыздық деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді. Жоба өңірдің және тұтастай алғанда елдің экономикасына оң әсерін тигізеді деп сенеміз», - деді Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары деді Қанат Құлжанов.


Бұл жобаны «QazaqGaz» ҰК» АҚ еншілес ұйымы – «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ жүзеге асырды.

«Жалпы «QazaqGaz» өз есебінен Маңғыстау облысында құны 260 млрд теңгеден астам соманы құрайтын бірнеше инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатыр. Айта кету керек, 2022 жылы 85 шақырымдық газ желісі мен өткізу қабілеті сағатына 80 мың текше метрді құрайтын 1 автоматты газ тарату станциясы салынған болатын», - деді «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ақбар Төлегенов.


Соңғы жаңалықтар