Маңғыстауда жоғалып кеткен екі тұрғын аман-есен табылды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстауда жоғалып кеткен екі тұрғын аман-есен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Бекболат Әбдіқадыровтың хабарлауынша, 2020 жылдың 27 желтоқсан күні сағат 19:43 шамасында Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментіне 1983 және 1994 жылғы облыс тұрғындарының хабар-ошарсыз жоғалып кеткендігі туралы хабарлама келіп түскен. Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде, аталған азаматтар 28 желтоқсан күні табылды. Айта кетейік, оларға алғашқы медициналық көмек қажет болмады.

«Екі азамат Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Бекет-ата қорымынан 30 шақырым жерде Төлеп ауылынан «КРАЗ» автокөлігімен шыққан. Оларды іздестіруге Жаңаөзен қаласының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, туыстары, «ОйлГаз» ЖШС мамандары, Сенек және Құланды ауылының учаскелік полиция қызметкерлері жұмылдырылды», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар