Маңғыстауда желілік полиция қызметкерлеріне пара алды деген күдік келтіріліп отыр

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында желілік полиция қызметкерлеріне пара алды деген күдік келтіріліп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Маңғыстау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті Маңғыстау станциясы желілік полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы мен жедел уәкілінің алдын ала сөз байласуымен адамдар тобында пара алу фактілерін анықтады. Олар Алматы - Маңғыстау поезының бастығы мен бригадирінен жалпы қамқорлығы мен анықталған заңбұзушылықтарды жасырғаны үшін 120 мың теңге көлемінде пара алды деп күдіктенуде»,-делінген баспасөз мәліметтерінеде.

Қазіргі таңда бөлімше бастығына қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалып, жедел уәкілдің кінәсін толық мойындауына байланысты оған қатысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ. Тергеу жалғасуда.

Кінәлілік дәрежесін анықтау арқылы күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді сот шығарады.

Соңғы жаңалықтар