Маңғыстауда жедел жәрдем автопаркі жаңа 20 көлікпен толықты

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда жедел жәрдем автопаркі жаңа 20 көлікпен толықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем стансасы 52 жаңа санитарлық автокөлікпен толығады. Бүгін облыс әкімі Серікбай Трұмов жедел жәрдем қызметіне «Hundai 350» маркалы 20 мамандандырылған машинаның кілтін табыстады.

«Жаңа қызметтік көліктің 13 – і Ақтау қаласына, 5-і Мұнайлы ауданына және екеуі сан-авиация қызметіне аттанады. Қ азан айының соңына дейін тағы «Jac Sunray» маркалы 32 жедел жәрдем көлігі келеді. Бұл көліктердің барлығы лизинг арқылы сатып алынып жатыр. Қараша айында Маңғыстауға тағы екі «УАЗ Patriot» маркалы реанимобиль автокөлігі келмек. Осылайша, өңірдің жедел жәрдем автопаркі 100 пайыз көлікпен қамтамасыз етіледі», делінген баспасөз хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар