Маңғыстауда жазасын өтеушінің ішегінен скальпель алынды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облыстық ауруханасының дәрігерлері түрмеде жазасын өтеушінің аш ішегінен скальпельді алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ауруханаға 3 сәуір күні түрмеден іші ауырды деген шағыммен жазасын өтеуші әкелінген.

Хирургтар рентген түсірілімін жасап, науқастың асқазанынан темір заттың барын көреді. Осылайша, дереу эндоскопия бөліміне жібереді. Бөлім дәрігерлері операциясыз скальпель шығарады. Скальпель асқазан мен аш ішектің тоғысқан жерінде тұрып қалған.

Дәрігерлердің айтуынша, скальпельдің ұштары скотчпен жабыстырылған. Әзірше қалай жұтқаны анықталуда.

«Егер уақытынды көмек көрсетпегенде, жағдай қиын болатын еді», - дейді дәрігерлер.

Соңғы жаңалықтар