Маңғыстауда жарты жылда 24 жұмысшы ауыр өндірістік жарақат алған

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Биылғы 6 айда Маңғыстау облысында 24 жұмысшы өндірісте ауыр жарақат алып, 1 жұмыскер көз жұмған. Бұл туралы Маңғыстау облысы мемлекеттік еңбек инспекциясының басшысы Әлігер Іңкәров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биылғы жартыжылдықта облыстағы кәсіпорындарда 19 жазатайым оқиға болды. Әр жағдай бойынша арнайы комиссиялар құрылып, тергеп-тексерулер жүргізілді. Өндірістегі жазатайым оқиғалардың салдарынан 25 жұмыскер зардап шекті. Оның 24-і ауыр жарақат алса, 1 жұмысшы жұмыс орнында қаза тапқан», - деді Әлігер Іңкәров.

Сонымен қатар, жыл басынан бері өңірлік еңбек инспекторлары жоспардан тыс тексерулер жүргізген. Нәтижесінде 186 заң бұзушылық анықталып, 19 ескерту жасалып, 13 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған. Салынған жалпы айыппұл сомасы 3 млн теңгеден асады.

Жергілікті құзырлы орган мәліметінше, өндірістегі ең көп жазатайым оқиғалар «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Oil Services Company» ЖШС, «КЕЗБИ» ЖШС кәсіпорындарында тіркелген.


Соңғы жаңалықтар