Маңғыстауда жартастан құлаған көліктің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда жартастан құлаған көліктің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішісі. Бұл туралы Маңғыстау облысының Полиция департаменті хабарлайды.

8 қыркүйек күні түнгі сағат 00:10-да Түпқараған аудандық полиция бөлімінің кезекші пультіне тұрғыннан күйеуінің жоғалып кеткені туралы қоңырау түседі. Оның айтуынша, күйеуі үйден күндіз «Opel Vectra» автокөлігімен шығып кеткен. Әйел онымен телефон арқылы сөйлескен, содан кейін күйеуі хабар-ошарсыз кеткен.

Полиция қызметкерлері түні бойы аудан бойынша іздеу жүргізеді. Келесі күні таңғы сағат 9:00 шамасында учаскелік полиция инспекторлары Қызыл-Өзен кентінде аталған автокөлікті табады.

Белгілі болғандай, «Opel Vecrta» автокөлігі жартастан құлап кеткен. Көлік салонында тек жүргізуші болған. Құлаған кездегі жарақат салдарынан ер адам оқиға орнында көз жұмды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар