Маңғыстауда жаңа босанған ана сәбиін сатып жіберген

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Мұнайлы ауданының тұрғыны сәбиін несиесін өтеу үшін сатып жіберген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Безбүйрек әйел бұл әрекетке баруының себебі, екі банктегі несиесін жаппақ ниетте 907 мың теңгеге сатуға келіскен. Яғни, сатып алушы берешегін өтеп беруге уәде берген.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, сәбиді алған әйел келісімді орындамаған. Сондықтан сәбиін сатқан ана полицияға жүгініп, баласын ала алмай жүргеніне шағымданған.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 128-бабы (Адам саудасы) бойынша іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүруде. Екі жаққа да ешқайда кетпеу туралы шарт қойылды»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар