Маңғыстауда заңсыз қоқыс төгу көбейіп барады

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Өңірде тұрмыстық қатты қалдықтар алаңы жыл сайын көбейіп барады. Әсіресе, Ақтау қаласы, Түпқараған және Мұнайлы аудандарындағы алаңдарда қоқыс үйіліп қалған,-деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл туралы Маңғыстау облысы экология департаментінің басшысы Руслан Тукенов мәлімдеді.

Бүгінде уәкілетті органның тікелей тапсырмасымен «Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық компаниясы облыс орталығы — Ақтау қаласы, Түпқараған және Мұнайлы аумағын суретке түсіріп, қоқыс қалдықтарының 194 нүктесін анықтап берді. Атап айтқанда Ақтау қаласы аумағында 81, Мұнайлы ауданы бойынша 87 және Түпқарағанда 26 қоқыс алаңы тіркеліп отыр. Нәтижесінде қатты тұрмыстық қалдықтарды жою мен орналастыруда экологиялық кодекс нормалары өрескел бұзылғандығы анықталған.

Маңғыстау облысы экология департаментінің басшысы Руслан Тукеновтың айтуынша, жергілікті атқарушы органдар және тәртіп сақшылары тарапынан профилактикалық жұмыстар күшейтілгеніне қарамастан, нәтиже көңіл қуантпайды.

«Жер ананы осындай күйге жеткізіп отырған тұрғындардың өздері. Бұл негізінен мүлде техногендік апат немесе табиғи құбылыс емес, бұл таза адами фактор. Өкініштісі сол, азаматтар экология мәселесін кейінге қалдырумен келеді. Бұл дұрыс емес. Қоршаған ортаны қорғау - баршаға ортақ парыз», - дейді ол. Мұнайлыда 23, Түпқарағанда 16, Ақтау қаласында 10 нүкте тазаланған. Осылайша барлығы 49 алаң қалпына келтірілген.

Жабайы қоқыс алаңдарын жою мақсатында Маңғыстау облысы әкімдігі тарапынан арнайы техника және жұмысшылар жұмылдырылып, әр сенбі сайын бір күнде ( шамамен 20) тоннаға жуық күл қоқыс шығарылуда.

Соңғы жаңалықтар