Маңғыстауда VI Халық спорты ойындары басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтау қаласының 55жылдық мерекесіне орай облыс әкімі Ералы Тоғжановтың қатысуымен ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесіүшін VI Халық спорты ойындарының ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметі.

«Спорттық сайыстардың басты мақсаты - Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауынан сәйкес еліміздегі бұқаралық спортты дамытып, салауатты өмір салтын насихаттау.. Біздің алдымызда биік мақсаттар мен жоспарлар тұр. Барлық деңгейдегі командалардың кәсібидеңгейін көтеру мақсатында спорттық ұйымдарды көбейту, облыстың құрама командаларының әзірліктерін қалыптастыру.Спорт секциялары мен аула клубтарын күшейтуді жалғастырамыз», - деді  облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

Халық спорты ойындарына Республикамыздыңбарлық өңірлерінен 2 мыңға жуық спортшылар қатысуда.Халықтық спорт ойындары 1998 жылдан бері өткізіліп келеді. Алғаш рет Астана қаласында өткізілген болатын. 4 жылда бір рет өтетін кешенді додада кәсіпқой спортшылар емес, салауатты өмір салтын серік еткендер өнер көрсетеді.

Спортшылар атап айтқанда волейбол, стритбол, шағын футбол, жағажай волейболы, үстел теннисі, қазақ күресі, гір тасын көтеру, қол күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, президенттік көпсайыс, стрит воркаут, спорттық бағдарлау сынды спорттық сайыстардың 13 түрінен бақ сынайды. 

Соңғы жаңалықтар