+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Маңғыстауда үшем дүниеге келді

2017 жылғы 28 тамыз 17:10
Бөлісіңіз:
Маңғыстауда үшем дүниеге келді

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының перинаталдық орталығында дүниеге келген үшемді - екі ұл және бір қыз баланы үйіне шығаруға дайындап жатыр, деп хабарлайды, «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Үшемнің анасы Жаңаөзен қаласының 35 жасар тұрғыны Жаңылхан Айтуова. Үйінде оларды күйеуі мен 14 және 15 жастағы ұлдары күтіп отыр.
«Әйелдің үшемді дүниеге әкелетіні ақпан айында анықталды. Ультрадыбысты тексеру жүктіліктің 7-8 аптасында 20 ақпан күні мұнайшылар қаласында жасалды. Бастапқыда әйел сене қойған жоқ, алайда оған экран арқылы балалардың соғып тұрған үш жүрегі көрсетілгенде, қатты қуанды. Уақытында тіркеуге тұрып, жүктілік кезеңі бірқалыпты өтті. 6 тамыз күні әйел жүктіліктің 33-інші аптасында перинаталдық орталыққа түсті», - деді Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығы директорының орынбасары Роза Баданова.
16 тамыз күні әйелге кесарь тілігі арқылы босандыру жасалды. Бірінші болып 2 кг 280 грам 45 см бойлы ұл бала дүниеге келді. Оны Әбдірахман деп атады. Екіншісі де ұл (Мұхаммедәли) - 2 кг 170 грамм және бойы 44 см. Үшінші 2 кг 170 грамм салмақпен 46 см бойлы қыз туды.
Осымен биыл екінші мәрте үшемдер дүниеге келіп отыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Смағұлова Еркежан

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT