Маңғыстауда ұлын жүргізуші етіп жұмысқа алған әкім жазаланды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Сенек ауылының әкімі ұлын көлік жүргізуші етіп жұмысқа алғаны үшін сөгіс түрінде жаза алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Facebook әлеуметтік желісінде Сенек ауылының әкімі жеке шаруаларына қызметтік көлікпен баратыны, жүргізушісі өзінің баласы екені және баласы қалада жұмыс істейтіні жөнінде жазба жарияланған.

Әдеп кеңесіне келген әкім ауылда басқа көлік жүргізушісі табылмағандықтан ұлын село әкімінің қызметтік көлігіне жүргізуші етіп жұмысқа алғанын, қызметтік көлік әкімшілік аумағындағы шаруашылық қожалықтарына баратынын және баласы басқа серіктестікке ауысымдық жұмысқа орналасқаннан кейін табельге тек жұмысқа келген күндерін ғана көрсетіп отырғанын жеткізді.

Алайда, қосымша тексеру кезінде Сенек ауылы әкімдігінің аппаратынан «Көлік жүргізуші» мамандығы бойынша сұраныс болмағаны анықталды.

Бұған қоса, серіктестікте ауысымдық жұмысқа орналасуына байланысты автокөлік жүргізуші баласына қатысты жұмыс уақытын қысқарту туралы өкім шығарылмай, тек табельге жұмыс атқарған уақытына сағат белгілеумен шектеліп келген.

Кеңес мүшелері әкім Б.Еркеғұловтың өз кінәсін мойындағанын ескеріп, Әдеп кодексінің талабын бұзғаны үшін оған «сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы шешім қабылдады.

Соңғы жаңалықтар