Маңғыстауда Ұлыбритания азаматы жазаға тартылды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының аумағында жүру мерзімін бұзған Ұлыбритания  азаматына айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат  lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарақия аудандық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, Ұлыбритания азаматына қатысты әкімшілік іс қаралған.

Сот тәртіп бұзған азаматтың Қазақстан Республикасы аумағына 2018 жылғы 23 маусымда кіріп, 28 шілдеге дейін қайтуы керек болғанын анықтады. Алайда құқық бұзушы оны ескермей, ҚР ӘҚБтК-де қарастырылған Қазақстан Республикасы аумағында жүру мерзімін бұзған.

Ұлыбритания азаматы кінәлі деп танылып, оған 15 АЕК (36 075 теңге) түрінде әкімшілік айыппұл салынды.

Соттың шешімі әлі күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар