Маңғыстауда түйенің күл ауруына қарсы жаңа вакцина сынақтан өткізілуде

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда түйенің күл ауруына қарсы жаңа вакцина сынақтан өткізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазіргі уақытта Қазақстанда және Кеден одағына мүше-елдерде түйенің күл ауруына қарсы вакцина шығарылмайды.
Осы жағдайды ескерген, ҚР Білім және ғылым министрлігі Биологиялық қауіпсіздік мәселелерін ғылыми зерттеу институтының ғалымдары ауруға қарсы жаңа вакцинаны жасап шығарды. Осы жылдың ақпан айынан бастап ғалымдар Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы шаруашылықтарында жаңа вакцинаны өндіріске енгізу алдындағы сынақ жұмыстарын жүргізуде.
«Осы уақытқа дейін 110 түйеге вакцина салынды, бұл Бейнеудегі 3 шаруа қожалығының малдары. Әзірше, оның кері әсері байқалған жоқ. Ғалымдар зертханаға тексеруге алып кетті. Нәтижесін күтудеміз. Егер қорытынды жақсы болса, қолданысқа енгізіледі»,-дейді облыстық ветеринария басқармасының басшысы Шамғали Хамиев.
- Маңғыстау облысы «сары» аймақта: Карантин шаралары күшейтілмек
- Ветеринар айлығының заңмен бекітілген мөлшері белгілі болды
- Қолдағы малға 50 млн гектар жайылым керек – Роман Скляр
- Бруцеллезге қарсы рұсат етілген вакциналар тізімін қайдан табуға болады
-
Қазақстанда жыл сайын 11,8 млн құсқа вакцина салынады – ҚР АШМ
-
Ақтөбеде шошқа фермасының жұмысшыларына бос орындар ұсынылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам