Маңғыстауда тұрмыстық қалдықтарды сұрыптайтын кешен ашылады

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Қатты қалдықтарды сұрыптау кешені Ақтау қаласынан 52 шақырым қашықтықта орналасқан. Мекеме пластик, шыны, көліктің дөңгелектері сияқты қатты қалдықтарды сұрыптайтын орталық болады,-деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Компания қалдықтарды сұрыптап, кәдеге жаратудың 3 тәсілін қолданады: биологиялық, физика-химиялық, термикалық. Жоба қоршаған ортаны қорғауға бағытталған. Себебі көп қалдық экологияны ластайды», - деді мекеме басшысы Азамат Тағанов.

2023 жылдың аяғына дейін Ақтау қаласынан 52 шақырым қашықтықта 20 га жерге тұрмыстыұ қалдықтарды қайта өңдеу кешені бар полигон іске қосылмақ. Жоба құны 700 миллион теңгені құрайды.

Жалпы, қалдықтарды сұрыптау, қайта кәдеге жарату жұмыстары Ақтау, Жаңаөзен қалаларында және Қарақия, Бейнеу аудандарында жүргізіліп жатыр.

2021 жылы облыс бойынша 132 360 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар жиналып, оның 35 787 тоннасы сұрыпталды. Ал 2022 жылдың екінші жартыжылдығында 125 мың тонна қалдық сұрыпталып, қайта өңдеуге жөнелтілді.

Облыста қалдықтарды қабылдайтын 12 пункт бар. Қалдықтарды бөлек жинаумен және сұрыптаумен айналысатын 10-нан астам шағын бизнес субъектілері бар.

Сондай-ақ, Мұнайлы ауданындағы полигон маңынан құрылыс қалдықтарын жинап, қайта өңдейтін орталық құрылысын бастау жоспарланған. Қазір құзырлы орындар аталған жобаны жүргізу мақсатында жер учаскесін беру жұмыстарын қарастырылып жатыр.


Соңғы жаңалықтар