Маңғыстауда түрме қоршауынан зат лақтырған ер адам жауапкершілікке тартылды

None
None
МАҢҒЫСТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысында түзеу мекемесінің қоршауынан зат лақтырған жүргізуші әкімшілікке жауапкершілікке тартылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қауіпсіздігі барынша күшейтілген 172/6 мекемесіне зат лақтырған тәртіп бұзушы оқиға орнынан автокөлікпен із суытып кетпек болған. Алайда, мекеменің жедел әрекет ету бөлімінің қызметкерлері видеобақылау камералары арқылы көліктің маркасы мен нөмірін, артынша иесінің кім екенін де анықтады», - делінген департаменттің хабарламасында.

Жедел іздестіру шараларының арқасында анықталған азамат жасаған ісін мойындап, оған қатысты ҚР ӘҚБжК-ның 481-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.



Соңғы жаңалықтар