Маңғыстауда туризмді дамыту бағытында цифрлық карта іске қосылды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстаудағы көзтартарлық жерлердің мобильдік картасы әзірлену үстінде. Жоба "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы аясында іске асырылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл аймаққа келген туристерге қолайлы. Бүгінде 24 сакралды және тарихи жерлердің онлайн картасы іске қосылған.

Өңірде мемлекеттің қарауында 362 әулие мен 13 мыңнан астам мәдени ескерткіш бар.  Олардың басым бөлігі облыстағы негізгі автомобиль жолдарынан қашық орналасқан. Сондықтан алдағы бес жылда инфроқұрылымды дамыту межесі тұр. Сондай-ақ,  сакралды және тарихи-мәдени жерлердің цифрлық картасы дайындалу үстінде.

null

«Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарлама аясында іске асырылу аясында Маңғыстауда сокралды және тарихи мәдени цифрлық картасын дайындауға ұсыныс түскен болатын. Осы ұсыныс бойынша 2ГИС компаниясымен бірлесе отырып бірнеше жұмыстар іске асырылып жатыр»,-дейді МО туризм басқармасының бөлім басшысы Гүлсім Жариева.

 Бүгінде Бекет-ата, Шопан ата, Айрақты, Қарынжарық сияқты 24 тарихи жер мобильді картаға түсірілді. Мұндай табиғи нысандардың цифрлық картасын әзірлеу туристік әлеуетті дамытуға ықпал етеді, дейді мамандар. Бір ерекшелігі, мобильдік телефонға арналған платформаны оффлайн режімде де қолдануға болады.

«Біздің басты мақсатымыз - туристерге және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау. Оар карта арқылы көптеген ақпаратқа қол жеткізе алады. Біз туризм басқармасымен бірлесе отырып 3000 км жер жүріп, фото-ақпарат жинадық. Енді 2ГИС қосымшасында 24 тарихи кешеннің картасы бар»,-дейді  маркетолог  Тимур Файзулин.  

Қазіргі таңда Бекет-атаға дейін 100 км автожолды асфальттау жұмыстары  басталып кетті. Оған республикалық бюджеттен 1 млрд теңге қаражат бөлінді. Сондай-ақ, Маңғыстау мен Түпқараған ауданындағы 15 тарихи жерді су, жарық, жолмен қамтамасыз етіп, теңіз жағалауына қонақ үйлер салыну жоспарланып отыр. Ол үшін 10 млрд теңге қажет.

Соңғы жаңалықтар