Маңғыстауда тұрғындардың сауатын ашатын билбордтар ілініп жатыр

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облыстық сотының өкілдері өңір тұрғындарының құқықтық сауатын ашу және оларды құқық мәселелерінен жан-жақты ақпараттандыру мақсатында билбордтар іліп жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат tumba.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Сайт таратқан мәліметтерге қарағанда, бұл шараның мақсаты халыққа жеке мүлікті қорғау, қылмыстық құқықты одан әрі ізгілендіру, соттар айналысатын жұмыстардың ауқымы сияқты бағыттар бойынша ҚР заңнамаларындағы жаңалықтарды жан-жақты түсіндіру.

«Билбордтар көшелер мен елді мекендерде орналастырылған. Біздің мақсатымыз кейбір заңнамалық актілерге енгізілген өзгерістерді тұрғындарға жан-жақты түсіндіру. Осындай жолмен біз көпшіліктің құқықтық сауатын арттырамыз»,-дейді сот өкілдері.

Сот қызметкерлерінің хабарлауынша, Тұпқараған ауданының соты Форт-Шевченкода билборд орнатты. Енді тұрғындар даулы мәселелерді тек сот қана емес нотариустар да қарайтынын біледі.

Соңғы жаңалықтар