Маңғыстауда тұрғын үйді дезинфекциялау кезінде екі адам көз жұмды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мұнайлы ауданының Маңғыстау ауылында тұрғын үйді дезинфекциялау кезінде бес адам уланып қалды. Соның екеуі көз жұмған. Бұл туралы Мұнайлы ауданы әкімдігінің Facebook парақшасында хабарланды.

Қайғылы оқиға 23 қарашада болған.

«Аудан әкімі Рахат Елтизаров және оның орынбасарлары, сондай-ақ құқық қорғау органдарының өкілдері оқиға орнына барған. Қазіргі кезде жергілікті тұрғындар оқшауланған. Облыс билігі осы жағдайды қатаң қадағалап отыр», - дейді Мұнайлы ауданының әкімдігінің өкілдері.

lada.kz басылымының хабарлауынша, зардап шеккендердің ішінде кішкентай бала да бар.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, осы факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 104-бабымен («Абайсызда қазаға ұшырату») тіркелген.

Күдікті изоляторға жіберілген. Тиісті сараптамалар белгіленді. Сотқа дейінгі тексерулер жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар