+7 (701) 759 90 19
USD 429.75 EUR 507.45
RUB 5.61 CNY 63.93
Jańalyqtar

Маңғыстауда тұмауға қарсы вакцина сатып алу үшін 60 млн теңгеге келісім жасалды

2020 жылғы 15 қыркүйек 14:13
Бөлісіңіз:
Маңғыстауда тұмауға қарсы вакцина сатып алу үшін 60 млн теңгеге келісім жасалды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда тұмауға қарсы екпе егу басталды. Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Есенғалиева мәлім етті. Оның айтуынша, 60 млн теңгеге тұмауға қарсы вакцина алуға келісім шарт жасалды.

Ұқсас жаңалықтар
Сүт безі қатерлі ісігінің белгісі байқалмайды, сондықтан жыл сайын тексерілу қажет – дәрігер-маммолог Жамбылдағы шалғай ауылдарға «Таза жүрек» денсаулық керуені аттанды Тараздық дәрігерлер эндопротез қоюдың жаңа түрін ойлап тапты

«Бүгінде облыста 70мың доза вакцина бар. Яғни 70 мың адам тұмауға қарсы егіледі деп жоспарланып отыр. Тұмауға қарсы екпеге медицина қызметкерлері, жүктіліктің екінші немесе үшінші кезеңіндегі әйелдер, диспансерлік есепте тұрған балалар, сәбилер үйінің балалары, жүрек, қан тамыр жүйесінің және тыныс алу мүшелерінің созылмалы аурулары бар адамдар жатады. Барлық емханаларда 70-ке жуық егу бөлмелері дайындалды. Барлық медициналық қызметкерлер семинарларға қатысып, біліктіліктерін шыңдады. Алдыңғы егу кезінде қиын реакция көрсеткен азаматтар мен тауық жұмыртқасының ақуызына аллергиясы бар адамдар бұл вакцинаны алмайды. Гриппол деген Ресей елінен келген вакцина. Қазақстанда 4-5 жылдан бері қолданылып келеді. Теріс нәтиже байқалған жоқ», - деді Ләззат Есенғалиева.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Балнұр Қожагелді

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT