Маңғыстауда тұмауға қарсы 90 мың доза вакцина сатып алынды

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстауда биылғы эпидемиялық маусымға 90 мың доза «Гриппол плюс» вакцинасы сатып алынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазір вакциналаумен облыс тұрғындарының 11,9% -ы қамтылған.Қаржы жергілкті бюджеттен бөлінген. Ал жедел респираторлы вирусты инфекциялардың эпидемиялық маусымы 2022 жылдың 1 қазанында басталып, бүгінге дейін зертхана арқылы тұмаудың 73 жағдайы дәлелденген. Оның ішінде 62-сі ересек адамдар болса, 11-і - 14 жасқа дейінгі балалар. Ересек адамдардың ішінде 35-і жүкті әйел.

«Өткен 2021-2022 жылдың эпидемиологиялық маусымының осы кезеңінде тұмаудың 101 жағдайы тіркелген болатын. Биыл 73 жағдай есепке алынып отыр. Салыстырмалы түрде аурудың деңгейі 1,4 есеге төмендеген», - дейді Маңғыстау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау дпартаменті басшысының орынбасары Бердібек Саралтаев.


Соңғы жаңалықтар