Маңғыстауда туберкулезге қарсы екпе салу уақытша тоқтатылды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Жапонияның «BCG Laboratory» өндіруші-зауытының туберкулезге қарсы вакцинаны 35 елден кері қайтарып алуына байланысты Маңғыстауда туберкулезге қарсы вакцинациялау қазіргі уақытта уақытша тоқтататылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте облыстық туберкулезге қарсы диспансердің фтизиопедиатры Қарашаш Зарқұлова мәлімдеді. Оның айтуынша, 2019 жылдың 8 айында аса қауіпті және басқа да карантиндік инфекциялар тіркелмеген.

Соңғы 10 жылда туберкулез ауруының көрсеткіші облыс деңгейінде - 75,4% (381 жағдайға), оның ішінде жасөспірімдер арасында - 78,4% (46 жағдайға), балалар арасында - 89,0% (44 жағдайға) төмендеп отыр.

«Туберкулезге қарсы екпе салу балалар арасында туберкулез менингиті және диссемирленген туберкулез сияқты туберкулездің ауыр жағдайларының дамуына жол бермейді. Бұл деректер балаларды вакцинациялауды қоса алғанда туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша жүргізіліп отырған шаралардың тиімділігін растайды»,-дейді Қарашаш Зарқұлова.

Бірақ, «Japan BCG Laboratory» (Жапония) өндіруші-зауыты (БЦЖ) туберкулезге қарсы вакцинаны 35 елден кері қайтарып алуына байланысты Қазақстанда туберкулезге қарсы вакцинациялау қазіргі уақытта уақытша тоқтатылған. Екпе салу таяуда қайта басталады деп жоспарланған.


Соңғы жаңалықтар