+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Маңғыстауда той-жиынға барғандарға да айыппұл салынады

2021 жылғы 2 тамыз 14:43
Бөлісіңіз:
Маңғыстауда той-жиынға барғандарға да айыппұл салынады

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында енді той, садақа жасағандар ғана емес, оған барғандарға да айыппұл салынатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің төрағалығымен өткен аппараттық жиында әкім орынбасары Гүлмира Қалмұратова мәлімдеді.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирустан емделіп жатқан 1 мыңнан астам науқастың жағдайы ауыр Бір күнде 59 сырқат коронавирустан көз жұмды 4 672 науқас коронавирустан жазылып шықты

Гүлмира Қалмұратова баяндауынша, карантин талаптарын бұзғандар бас санитардың қаулысына сәйкес айыппұл төлейді.

Өткен демалыс күндері өңірдегі 256 нысанға рейд жүргізілді. Нәтижесінде 57 хаттама толтырылып, Маңғыстау облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жіберілді. Облыс әкімі С.Трұмов бұл жұмыстарды жалғастыра беруді және мониторинг топтарының жұмысын күшейте түсуді тапсырды. Себебі COVID-19 вирусын жұқтырғандардың саны өсіп барады.

Эпидемиологиялық ахуалды жақсартудың бір жолы – көпшілік жиналатын шараларды шектеу болса, екіншісі - вирусқа қарсы ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін жаппай екпе алу. Бүгінгі күнге дейін облыста 103 710 адам вакцинаның 1-ші компонентін, 64 204 адам 2-ші компонентін қабылдаған. Облыста КВИ-ге қарсы вакцинацияға арналған 42 екпе кабинеті жұмыс істеп тұр (Ақтау – 8, Жаңаөзен – 6, Бейнеу - 8, Қарақия -2, Маңғыстау -1, Мұнайлы - 5, Түпқараған – 6).

«Вакцинация жұмыстары күшейтілді, соның нәтижесінде шілде айында тұрғындар арасында вакцинацияның өсу қарқыны байқалды», - деді Гүлмира Қалмұратова.

Жыл басынан бері қауіпті індетпен 10 мыңнан астам адам ауырып, 92,3%-ы емделіп шықты. Өкінішке қарай 227 адам осы вирустан көз жұмған. Соңғы тәулікте 224 адамның КВИ жұқтырғандығы анықталды.

Денсаулық сақтау нысандары күшейтілген тәртіппен жұмыс істеп жатыр. Науқастар санының өсуіне байланысты Ақтау, Жаңаөзен қалаларында, Мұнайлы, Түпқараған және Маңғыстау аудандарында 5 инфекциялық стационар ашылды.

Өңірдегі жалпы төсек қорының саны 1 799 орынға жеткізіліп, реанимациялық төсек саны 118-ге дейін артты. Осы стационарларда бүгінгі күні 944 адам ем қабылдап жатыр, оның ішінде 39 бала, 95 жүкті және босанған әйел. Төсек орындардың толымдылығы – 62%. Ал, жансақтау бөлімдерінің толымдығы - 90% (107 адам).

Облыс әкімі орынбасарының айтуынша, медициналық персонал толық іріктелді, дәрілік препараттар мен жеке қорғаныс құралдарының қажетті қоры дайын. Қосымша мобильді бригадалар құрылып, олардың саны 120 бригадаға дейін ұлғайтылды, оларға 20 автокөлік бөлінген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қаракөз Марат

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT