Маңғыстауда тепловоз бен жүк көлігінің соқтығысу себебі белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚТЖ-жүк тасымалы» АҚ баспасөз қызметі тепловоз бен жүк көлігінің неліктен соқтығысқандығына түсінік берді, деп хабарлайды lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Айта кетейік, баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, оқиға 26 мамырда сағат 16-55-те Құрық-Порт-Ерсай өткелінде болған.

«Камаз» жүк көлігінің жүргізушісі STOP белгісінің тұрғандығына қарамастан теміржол өткеліне шығып кеткен. Аяқ астынан пайда болған жүк көлігін байқаған тепловоз жүгізушісі қызметтік тежегішті басқан. Алайда, оқиғаның алдын алу мүмкін емес еді»,-деп хабарлады ведомство өкілдері.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, қазіргі таңда аталған жағдай бойынша тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Алдын ала болжам бойынша, көлік апаты теміржол өткелін өту тәртібін бұзған жүк көлігі жүргізушісінің кінәсінен болған. Теміржолшылар көлік жүргізушілерін тағы да жол қозғалысына өте мұқият болып, жол ережесін бұзуға жол бермеуге, өздерінің және өзгелердің өмірлерін қауіп-қатерге тікпеуге шақырды.

Соңғы жаңалықтар