Маңғыстауда танк сайысы өтті

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтаудағы «Оймаша» полигонында «Батыс» өңірлік қолбасшылығының танк экипаждары штаттық снарядтармен оқ ату жаттығуын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Танкішілер алдымен, Т-72 танкісінің қаруынан дәлдеу шеберліктерін көрсетіп, экипаждар оқ ату бойынша бірінші жаттығуды орындады.

Сайыс барысында сарбаздар 1600 метр қашықтықтан 900 метрге дейінгі қашықтықтан танкіге қарсы граната атқыш пен зеңбірек және 700 метрден танкіге қарсы граната атқышпен оқ ату өнерін паш етті. Одан басқа, әскерилер танкіге атыс жиынтығын салу, танктің бөлімшесі мен қару-жарағын жорықтық қалыптан жауынгерлікке және кері қарай көшіру жөніндегі практикалық нормативтерді орындады.

Оқ ату жаттығуын өткізудің басты мақсаты әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлық деңгейін арттыру, сарбаздардың штаттық қару-жарақтан оқ ату шеберліктерін жетілдіру, атысты басқаруды дұрыс ұйымдастырудағы практикалық машықты игеру болды.

Оқ ату жаттығуының қорытындысы бойынша 2-ші танк ротасының командирі аға лейтенант Азамат Қондыбаевтың жеке құрамы барлық тиісті нормативтерді сапалы әрі жылдам орындап, барлық нысаналарға дөп тигізді. Үздік танк командирі ретінде сержант Сейтқожа Әбдуғазиз танылды.




Соңғы жаңалықтар