Маңғыстауда тамаша жерлердің бар екендігін білмей келдік - «Үстірт құпиясы» экспедициясының мүшесі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстау түбегіне аттанған «Үстірт құпиясы» экспедициясының мүшелері тамаша жерлер туралы алғашқы әсерлерімен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Шамамен 60 машина 240 адам қатысуымен «Үстірт құпиясы» экспедициямыз жалғасуда. Бұл 1-2 күннің фото есебі. Осы күнге дейін көршi тұрған Маңғыстау өңірінде мұндай керемет жерлердің барын білмеппіз! Эмоция мен суреттер көп, бәрін жеткізу қиын екен! Жалғасы болады», - деп жазды Айбек Шамеденов Фейсбуктегі парақшасында.

Еске сала кетсек, Маңғыстау түбегінде бір аптаға жуық болатын экспедиция кеше Ақтау қаласынан аттанды. «Үстiрт құпиясы» экспедициясы 30 сәуір мен 7 мамыр аралығында Маңғыстау түбегіне сапар жасайды.
Марғұлан Сейсембаевтың басшылығымен сапарға шыққан Nomad Explorer  командасының басты мақсаты - Қазақстанның ішкі туризмін дамытуды насихаттау. Өткен жылы бір аптаның ішінде 90 адам 24 жол талғамайтын көлікпен қазақ жерінің кіндігі саналатын Ұлытау өлкесінің әсем табиғатымен танысып қайтты.
 

«Үстірт құпиясы» экспедициясына қатысатын туристтердің алғашқы легі Алматыдан 24 сәуір күні шықкан болатын, олардың ішінде танымал фотографтар, өлкетанушылар мен ұйымдастыру комитетінің өкілдері де бар.

Соңғы жаңалықтар