Маңғыстауда табысын жасырып, атаулы көмек алғандар анықталды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Миллион теңге табыс тауып, оны жасырып, атаулы әлеуметтік көмек алған 55 отбасы анықталған, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Қарашаш Нұрмамедова Мұнайлы тұрғындарына атаулы әлеуметтік көмек туралы түсіндіру кезінде мәлімдеді.

Оның айтуынша, атаулы әлеуметтік көмекті оңай олжа деп ойлап, жымқырғысы келетіндер саны артқан. Мәселен, былтыр сондай 55 отбасы табысының миллионнан астам екенін жасырған. Оның 24-і Мұнайлы ауданының тұрғындары.

Бұдан бөлек, кәсіпкерліктен 10 млн теңгеден артық табыс тапқан 8 отбасы анықталыпты. Олар 10 үйге тиесілі 21 мың теңгені алып отырған.

Қарашаш Нұрмамедованың айтуынша, атаулы экономикалық көмек қарапайым xалықтың табысынан түскен салық. Сондықтан оны арам жолмен, пайда көру үшін өтінім бермеу керек.

Сондай-ақ, кейбір отбасылар басқа жақта тұратын балалары үшін алған. Осындай 85 жағдай тіркелген. Оның 38-і Мұнайлыда анықталған.


Соңғы жаңалықтар