Маңғыстауда суға шомылуға тыйым салынған аймақтың санын көбейту ұсынылды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстаудағы суға шомылуға тыйым салынған 6 аймаққа тағы екі учаске қосу ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Мұрат Мұханов мәлім етті. Оның айтуынша, бұл ұсыныс облыс әкімдігі мен облыстық мәслихатқа жолданды. Осыған байланысты жуырда жарғы жарияланса, құжат Әділет департаментіне жіберіліп, әрі қарай күшіне енеді.

«Ақтау қаласынан 25 шақырымда орналасқан Мұнайлы ауданында қараусыз қалған кеніш карерасы бар. Соның маңында жаңбыр суларынан 2 көлшік пайда болған. Аталған орында Мұнайлы ауданының тұрғындары суға түседі. Біз санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен бірлесіп су құрамының сынамасы алғанбыз. Тексеріс барысында су құрамынан радиоактивті қалдықтар анықталған. Сондықтан бұл 2 көлшікті суға түсуге тыйым салынған аймақтардың тізіміне енгізу қажет», - деді Мұрат Мұханов.

Спикер сөз соңында облыс тұрғындарын денсаулыққа зиян әрі өмірге қауіпті орындарда суға түспеуге шақырды.


Соңғы жаңалықтар