+7 (701) 759 90 19
USD 423.87 EUR 505.25
RUB 5.59 CNY 64.43
Jańalyqtar

Маңғыстауда су тұшытатын зауыт іске қосылады

2020 жылғы 29 қазан 22:30
Бөлісіңіз:
Маңғыстауда су тұшытатын зауыт іске қосылады

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысындағы Қаражанбас кен орнында су тұшытатын зауыт салынып жатыр. Нысан келер жылдың бірінші тоқсанында іске қосылады деп жоспарланған. Жоба іске асса, компания мұнай шығару үшін, өңделген жерасты суын пайдаланады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ал, қазір қолданып отырған Еділ өзенінен келетін су өңір тұрғындарының пайдалануына беріледі. Бұл аймақтағы су тапшылығын азайтуға септігін тигізеді.

Кен орны «Астрахань-Маңғыстау» су құбырынан тәулігіне 17 мың жарым текше метр су алады. Жерасты нәрін тұшытатын зауыт салу осы тәуелділіктен босатып қана қоймай, бірқатар технологиялық мәселелерді де шешеді.


Сондай-ақ ұңғымаларды күрделі және жерасты жөндеуді азайту, грифондардың пайда болуын шектеу күн тәртібінде тұр.

«Тұщы суды аламыз да, буға айналдырамыз. Буды жерге айдайды да, сол кезде мұнайды шығарамыз. Мұнаймен бірге шығатын суды «попутный» су дейді ғой. Енді соны тазартып, тұшыту керек. Сол үшін осындай ерекше зауытты салып жатырмыз. Жоспар бойынша мұнда 54 адам жұмыс істейді», - дейді құрылыс жұмыстарын қадағалау инженері Мейірбек Отаров.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қаракөз Марат

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT