Маңғыстауда су тазарту қондырғысын салуға бөлінген қаражат жымқырылған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қаржылық мониторинг агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаменті аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жедел-тергеу іс-шаралары барысында 2017 жылы «Бейнеу аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі және мердігер ұйым арасында Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Сарға ауылында 477,6 миллион теңге сомасына су тазартқыш қондырғысы мен ауыларалық су құбыры құрылысына мемлекеттік сатып алу шарты жасалғаны анықталды.

Сот-құрылыс сараптамасының қорытындысына сәйкес атқарылмаған жұмыстардың сомасы 203,6 миллион теңгені құрайды.

Мемлекеттік мекемелердің құрылымдық бөлімшелерінің және құрылыс саласындағы мердігерлік ұйымдардың басшылары тұлғасындағы күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамаға алынды.

«Тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етуге жатпайды» ҚРР ҚМА баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


Соңғы жаңалықтар