Маңғыстауда студенттер жатақханамен толық қамтылады

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - 2021 жылы аймақта студенттер 100% жатақханамен қамтылады.

Бұл туралы аппараттық жиында білім басқармасының басшысы Асқар Сейдалиев айтты, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Жалпы, бүгінгі таңда аймақта студенттер тарапынан 1464 орынға сұраныс бар.

Білім басқармасы басшысының айтуынша, 2 жыл ішінде 9 жатақхана іске қосылмақ. Биылдан бастап, Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжі жанынан 300 орындық, Маңғыстау энергетикалық колледжі жанынан 300 орындық, 17 шағын ауданнан 500 орындық нысан салынбақ. Тағы да бірнеше жобаның сметалық-құжаттары қаралып жатыр.

Осылайша, биыл 970 орындық 3 жатақхана, 2021 жылдың соңына дейін 2100 орындық 5 жатақхана пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Қазір облыста 2 жоғарғы оқу орнында 6831 студент, 27 колледжде 21244 студент оқиды. Өңірдегі 6 жатақханада 1564 адам орынмен қамтылған.

«Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы негізінде студенттердің жатақханамен қамтылу жағдайына келсек, колледждердегі 21244 студенттің, 52% яғни 11086-ы ауылдық жерден келіп білім алып жатқан студенттер. Сұранысты қамтамасыз ету мақсатында инвесторлармен де жұмыс жасап жатырмыз. 2 колледж жанынан саламыз. Әрқайсысы 300 орындық. Құжаттық рәсімдері бар. Жерді «СПК Каспийге» береміз. Олар барлық қаражатты бөлеміз деп отыр»,-дейді Асқар Сейдалиев.

Соңғы жаңалықтар