Маңғыстауда соғыстың көзі тірі 6 ардагеріне млн теңгеден беріледі

Фото: None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда Екінші дүниежүзі соғысының ардагерлеріне 1 млн теңгеден біржолғы материалдық көмек төленеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсет Шопанов хабарлады.

Спикердің айтуынша, бүгінгі таңда облыста Ұлы Отан соғысының 6 ардагері тұрады.

Жыл басынан бері оларға коммуналдық қызметтерді өтеу үшін 202 мың теңге төленді. Биылға қаралған қаражат - 880 мың теңге.

- Оларға жергілікті бюджеттен Жеңіс күніне 1 млн теңгеден қаражат төленді. Жеңілдік бойынша соғыс ардагерлеріне теңестірілген 774 ардагерге 40-60 айлық есептік көрсеткіш аралығында біржолғы материалдық көмек көрсетіліп отыр. Қоршауда қалған Ленинград тұрғындарына - 153 150 теңгеден, концлагерьдің кәмелетке толмаған тұтқындары - 3 адамға 153 150 теңгеден, соғыс ардагерінің жесірлері – 26 адамға 122 520 теңгеден беріледі, - деді Әсет Шопанов.



Соңғы жаңалықтар