Маңғыстауда шенеуніктер заңсыз жер сатқан

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Мұнайлы және Түпқараған ауданының бірқатар шенеуніктері заңсыз жер сатқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен отырыста айтылды.
Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылының бұрынғы әкімі және орынбасары, сәулет құрылысы бөлімінің басшысына қатысты мемлекеттік жер телімдерін заңсыз иелену аясында 8 қылмыстық іс қозғалып, нәтижесінде аталған тұлғалар айыпталды.
Сонымен қатар, Түпқараған ауданының Ақшұқыр ауылының бұрынғы әкімі және жер қатынастары бөлімінің басшысы қызметтерін асыра пайдаланып, 180 жер телімін заңсыз сатып, мемлекеттке 1,5 млрд теңге шығын әкелген.
Түпқараған ауданы сотының үкімімен аталған тұлғалар ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабының 1-бөлігі және 369-бабының 1-бөлігімен айыпты деп танылды.
- Атырау облысында сыбайлас жемқорлық деңгейі төмендеді
- Қарағанды облысында сыбайлас жемқорлыққа бейім салалар аталды
- Тірі күйеуімді вакцинадан өлді деп жалған ақпарат таратқан - Меруерт Қожақұлова
- Биыл 500 мыңға жуық қазақстандық жалпыға бірдей декларация тапсырады
-
«Регион-ГЗ» мемлекеттік сатып алу тиімділігінің мониторингін жүргізуге мүмкіндік береді
-
622 солтүстікқазақстандық мемқызметші тәртіптік жазаға тартылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам